Жеңіс Қасымбек Арыс қаласына келді

АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен вице-премьер Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол аумақта 482 үй орналасқан. Зақымданған 431үйдің қазіргі таңда 3-еуі толық жөнделген. Ал «BI Group» компаниясы осысектордағы 88 үйді қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр. Жұмысшы топкейін Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №9 секторға аялдады. Онда 655 үй бар. Аумақта жөнделуге тиіс 572 баспананың 105-інде құрылыс толығыменаяқталған.



Сонымен қатар, Үкіметбасшысының орынбасары 1904 жылы іргетасы қаланған «Арыс-1» теміржол вокзалынада аялдады. Мұндағы тірлік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тиесілі. Басқарматөрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев міндеттелген шаруа толығымен уақытылыатқарылып жатқанын мәлімдеді.


Кейін топ Шымкентқаласына қарасты 10-секторда болды. Онда есеп бойынша 652 үй тіркелген.Жөндеуді қажет ететін 604 үйдің 138-інде бүгінде жұмыс толық аяқталған.

Бұданкейін жұмысшы топ қалалық емхана мен орталық стадиондағы жөндеу жұмыстарынакөңіл аударды. Іссапар аясында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай қалаларынатапсырылған секторлардағы жұмыстар назарға алынды.

Арыс қаласының бүгінгіжай-күйімен танысқан Жеңіс Қасымбек сапар соңында шаһарды қалпына келтірубойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарының қарқынын үдетуді тапсырды.