«Небәрі 25 жылда біз 33 млн шаршы метр тұрғын үй, 670 балабақша мен мектеп, 100-ден астам мәдени және спорт нысанын салдық. Астана әлемдік деңгейдегі таланттарды, жастарды, туристерді, инвесторларды және компанияларды тартатын креативті экономикасы бар сауда үшін өңірлік хабқа айналды. Шағын және орта бизнеске негізделген қала экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ететін құрылымы қалыптасты», - деді Жеңіс Қасымбек елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумында.
Қала басшысының айтуынша, Астана – экономикалық өсу мен дамудың қаласы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз, күшті және сенімді дамып келе жатқан мемлекеттің бет-бейнесі.
Бұған дейін елорда әкімі соңғы жылдары Астанаға 14 млрд доллардан астам шетел инвестициясы тартылғанын мәлім еткен еді.
Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.