Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтанқаласында жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елордаәкімдігі «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржыминистрлігімен бірге «Астана банкі» АҚ-дағы бұғатталған қаржыны алу мәселесінқарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтанқаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады»,- деді Ж. Қасымбек Үкімет отырысында.

Осы орайдаол аталған нысанның құрылысын аяқтау жөнінде Президенттің тапсырмасы болғанынеске салды.

«Алдағыуақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттіккомиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жобааяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіпотыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл көктемде Әлихан Смайыловелордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынынайтқан еді.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов АstanaLRT жобасы бойынша бұғатталған қаржыны мемлекетке қайтару мәселесін көтерді.

Соңғы жаңалықтар