АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ведомство жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту бойынша министрліктің басшылық құрамымен жиналыс өткізді. Бұл жайында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңіс Қасымбек ҚР ИДМ комитеттерінің төрағаларына бағынышты ұйымдардың қызметіне, оның ішінде олардың қаржылық қызметтеріне бақылауды күшейтуды тапсырған.
«Мұнан бөлек, министр бағынышты ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша кешенді шаралар бөлігінде министрлік жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыруды тапсырды», - деп жазды Мұрат Жұманбай.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.