«Бұл табиғаттың ісі екенін жақсы біліп тұрсыз ғой. 3-4 күннің ішінде бір айдың нормасындай қар түсті. Естеріңізде шығар, бірінші қар жауып, артынан жаңбыр жауды. Келесі түнде ауа температурасы -30 градустан төмен түсіп кетті. Осының салдарынан сәйкесінше көктайғақ пайда болды», - деді әкім.
Сондай-ақ ол коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына көңілі толатынын айтты.
«Әкімдік өкілдері, коммуналдық қызмет жұмысшыллары ахуалды жақсарту үшін бар күшін салды. Көктайғақ тек Астанада ғана емес, осындай табиғи құбылыс тіркелген өзге елді мекендерде де болды. Сондықтан қар жауып, оның арты жауынға ұласып, кейін аяз түссе, көктайғақ болады.
Коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеді деп есептеймін. Әділдігін айту керек, коммуналдық қызмет өкілдеріне алғысым бар. Өкінішке қарай, жауын-шашынның көп мөлшері жағдайды қиындатып жіберді.
Шынымен де сол күндері жарақат алу көрсеткіші артты. Медицина қызметкерлері де, коммуналдық қызмет өкілдері де ахуалды барынша түзетуге тырысты», - деді Жеңіс Қасымбек.