ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар қарағандылық еліміздің дамуына қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, жеке жанқиярлығы үшін ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес марапатталды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының атынан ордендер мен медальдарды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрмет» орденімен «Нұрстройсервис-2050» ЖШС басшысы, Қарағанды Әкелер Одағы филиалының төрағасы Еркебұлан Бодықов; жеке кәсіпкер Мұхтар Жарымбетов; қоғам белсендісі Айсұлтан Жақыпов марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Еңбек ардагері Нұрсахан Бейсенбекова және Қарағанды облысы пенчак силат Федерациясының басшысы Мақсат Ибрагимов марапатталды.
Жеңіс Қасымбек мемлекеттік награда иелерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Кездесуге қатысушылар олардың еңбегі мен қоғамдық қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс білдірді.
«Кеудемді мақтаныш кернеп тұр. Жерлестеріме, халқымызға, Президентке үлкен рахмет! Бұл жоғары награда елімізге одан әрі пайда әкелу, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлес қосу жолында қосымша жауапкершілік жүктейді», – деді Еркебұлан Бодықов.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мен бұл ЖОО-да жұмыс істеп келе жатқаныма 48 жыл болды, өз өмірімді жастарды оқыту мен тәрбиелеуге арнадым. Мен еңбегімнің жоғары бағалағанына ризамын. Біз, аға буын, жастарға үлгі болуымыз керек, жастардың өз тарихын, салт-дәстүрін білуі үшін еңбек етуіміз керек», – дейді «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ғалым және педагог Нұрсахан Бейсенбекова.
Айзада Агильбаева
Работает в МИА "Казинформ" с февраля 2019 года.
Высшее образование: КарГУ им. Е.А. Букетова, кафедра журналистики.
Родилась в поселке Акчатау, Шетского района, Карагандинской области.