«Кешегі апат туралы айтатын болсақ, оның нақты себебі тергеу амалдарынан кейін анықталады. «Сергек» камераларынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, ол жерде апатқа әкеліп соғатын ешқандай кедергі болмаған. Бұл жерден күн сайын жүздеген мың көлік өтеді. Осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат анықталғаннан кейін, біз барлық деректерді ұсынамыз. Менің ойымша, Полиция департаменті бәрін объективті түрде зерделейді», - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Еске салайық, кеше таңертең «Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, «Арыс» көпірінде рульге ие бола алмай, LRT-ның бетон бағанына соғылды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты. Кейін автокөлік қала әкімдігіне тиесілі екендігі туралы ақпарат теріске шығарылды.