Тараптар екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, көліктік, транзиттік және логистикалық, авиациялық ынтьымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар таяуда ғана ашылған Ыстамбұл-Шымкент авиарейсін ашылуын мысал ретінде келтірді.
«ҚР Түркияның Елшісі Қазақстанның Еуразияның транзиттік-логистикалық хабы ретіндегі айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның өңірлеріндегі қазақстандық-түркиялық индустриалдық аймақтарының қазіргі кездегі қызметін талқылады, сонымен бірге сауда, экономика және инвестиция салаларындағы еншілестікті нығайту қажеттігін атап өтті», -делінген хабарламада.
10:14, 20 Шілде 2016
Жеңіс Қасымбек Түркия елшісімен экономика және инвестиция саласындағы еншілестікті нығайту қажеттігін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Невзат Уяныкпен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.