«Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне қосымша 30 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін», - делінген қалалық маслихаттың шешімінде.
Құжатты ашық талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 9 мамыр мерекесіне орай мәртебесі Ұлы Отан соғысының ардегерлерімен теңестірілген азаматтарға берілетін төлем мөлшері артатынын жазып едік.