Бұл ақпаратты аталған министрліктің баспасөз қызметі таратып отыр.
Өткізілетін шараның негізгі мақсаты - ардагерлерге құрмет көрсету, сонымен қатар жастар арасында ұшқыш мамандығының мәртебесін арттыру.
«Авиамарафонға орталықтың 6 штаттық экипажы қатысады. Олар «Стинг» ТЛ-2000 жеңіл ұшағымен Қазақстанның бүкіл аймағын, атап айтқанда Семей, Талдықорған, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Петропавл қалаларын қамтып, ұшып өтпек. Олардың соңғы нүктесі мамырдың 4-інде Астана қаласы болады. Аталған маршруттың жалпы ұзындығы 8500 шақырымды құрайды. Марафонның бастапқы және соңғы нүктесі ретінде қаладан 19 шақырым қашықтықта орналасқан «Жоламан» әуе кемелері орталығы таңдалған», делінген баспасөз баянында.
Ведомствоның атап өтуінше, әуе эскадрилиясы қонған әрбір аймақта Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және жастармен кездесу ұйымдастырылады.