Жеңіс мейрамы қарсаңында Елек қаласының өнерпаздары Ақсайда концерт қойды
20:36, 06 Мамыр 2011
ОРАЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жеңіс мейрамы қарсаңында Орынбор облысы Елек қаласының өнерпаздары Ақсайда концерт қойды.
Атап айтқанда, «Яицкий городок» халықтық ән тобы, «Карусель» балалар халық биі ансамблі және баянда ойнайтын И.Абрамов Бөрлі ауданы жұртшылығына лирикалық әндер орындап, би биледі, тартымды туындылар ұсынды.
Бөрлі ауданының әкімі Болат Шәкімов ресейлік өнерпаздарға ризашылығын білдірді.