Жеңісін тойламақ болған қақпашы өкініші кетпейтін қателікке ұрынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайландтағы аймақаралық лиганың матчында «Сатри Ангтхонг» футбол клубы өз қақпашыларының кесірінен «Бангкок Спортс Клаб» командасынан ұтылып қалды.

Бұл ойының видеосы SportsCenter Twitter-аккаунтыда жарияланды.

Пенальти сериясындағы есеп 19:19 болып тұрған-ды.  Қарсылас команда ойыншысының тепкен добы қақпа маңдайшасына тиіп, кейін серпілген. Голкипер болса ойын бітті, жеңіске жеттік деп ойлап қақпадан атып шыққан. Өкінішке орай, жерге соғылып қайта көтерілген доп қақпадан бір-ақ шықты.   

 Бұдан кейінгі «Сатри Ангтхонг» футболшысының қате тепкен келесі соққысы матч тағдырын шешіп кетті.