1945 жылғы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс-фашистік басқыншылармен айқаста қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын мүлтіксіз орындағаны және ерлік пен батырлық көрсеткені үшін Козенков Василий Георгиевичке Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Василий Козенков 1923 жылы 17 ақпанда Қуандык (Орынбор ауданы) ауылында дүниеге келген. 1934 жылдан бастап Ақтөбеде тұрған, №22 мектепте 7 сынып аяқтады, Орск аэроклубын 1940 жылы, кешкі мектептің 8-ші, 9-шы сыныбын оқыды. 1942 жылы Ақтөбе әскери авиациялық пилоттар мектебін бітірді. ҰОС майданында 1942 жылы қазанда аттанды.
Соғыс уақытында 308 рет әуеге көтерілді. Ол 10 танк, 40 автокөлік, 2 темір жол эшелоны, көптеген зениттік қару-жарақ, 9 қарсылас ұшағы, 300-ден астам сарбаздар мен офицерлердің көзін жойды.
1945 жылғы 7 сәуірде Кенигсберг шабуылында гвардияның 136-шы гвардиялық шабуылдық авиациялық полкі авиациялық эскадрилінің командирі майор Козенков жау қолынан қаза тапты.
Берлиндік шабуылдық операция. Оң қапталда 1-ші Беларусь майданының 61-ші армиясы Одер батыс жағалауында плацдармды кеңейту мақсатында айқасты жалғастырып жатты. Бір күнде 1 шақырым алға жылжыды. 47-ші әскер, 3-ші соққы әскері, 2-ші гвардиялық танк әскері Берлинге солтүстік-батыстан тап берді. 2-ші гвардиялық танк әскері жау қарсылығын тойтарып, сәттілікпен батыс бағытқа қарай бет алды, айқаса жүріп 30 шақырымды еңсерді. 5-ші соққы әскері «Рейхсштрассе № 1» маңындағы неміс астанасын нысанаға алды. 8-ші гвардиялық әскер мен 1-ші гвардиялық танк әскері Мюнхеберг ауданындағы неміс қорғанысын бұзып өтті. Сол қапталда 69-шы әскер мен 33-ші әскер Франкфуртта Одердің шығыс жағалауында жау қалдырған плацдармды иеленіп, бір күнде 3-4 шақырымға алға жылжыды.
Кеңес ақпараттық бюросы хабарлағандай, соңғы үш күнде Біздің әскердің Орталық тобы ауданында барлау жүргізілді. Бұл ұрысты үдетіп, Одер өзеніндегі, Нейсе өзеніндегі плацдармды басып алып, кеңейтуге жол ашты. Осы ұрыстардың нәтижесінде біздің әскер Дрезденск бағытындағы Нейсе өзенін кесіп өтіп, Форст, Мускау, Вейсвассер қалаларын басып алды. 2-ші Польшалық әскері Ротенбург қаласын иеленді. Одерде біздің әскер батыс Кюстрин плацдармын басып алып, кеңейтті...
Чехославакия аумағында Годониннің солтүстік-шығыс қалаларында біздің әскер шабуылды айқас жүргізді. Козойидки, Лидэровице, Бзенец, Скоронице, Ставьешице, Наседловице елді мекендері мен Лидэровице, Сватоборжице темір жол стансалары басып алынды...
Австрияда Вена солтүстігінде айқаса жүріп Бернгардсталь, Альт Лихтенварт, Вильферсдорф, Зибениртен, Аспарн, Ладендорф елді мекендері мен Альт Лихтенварт, Аспарн темір жолдары басып алынды.
Австрия ауылдары мен қалаларының халқы Қызыл Әскерді қуана қарсы алды. Ауыл діндары Лоймерсдорф Шерлис былай деді: «Мен Австрия, Мәскеу, Лондон хабарларын радиодан тыңдап отырдым. Менімен бірге шіркеуге келушілер де бірге тыңдады. Қызыл әскердің жақындағанынан біз қорыққан жоқпыз. Гитлердің насихатына сенбедік. Халық Қызыл Әскер бізге бостандық пен тәуелсіздік тарту ететінін білді»...
Жеңіске 20 күн қалды.