ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 24 КҮН: Кеңес әскері Венгрия және Австрия немістерін талқандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылғы 15 сәуір, Ұлы Отан Соғысының 1394-ші күні. Жеңіске дейін 24 күн қалды. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына сол сұрапыл жылдардың оқиғалар жылнамасына ұсынады.

Земландиялық түбек. Кенигсбергтің солтүстік-батыс және батыс қалаларында біздің әскер шабуылды жалғастырып жатты. Кеңес танкистері мен жаяу әскері жауға тойтарыс беріп, екпінді әрекетпен Санкт Лоренцтің батыс елді мекеніндегі орманға шықты. Немістер бұл ауданға көптеген артиллерияларын шоғырландырған еді. Бұдан басқа, темір жол бойынша, жағалауда неміс бронды пойызы келе жатты. Күтпеген жерден тап берген біздің әскерлердің соққысы сақадай-сай қарсылас қорғанысын күл-талқан етті. Жау пойызы істен шықты. Бір уақытта жаудың артиллериялық позициясы талқандалды. Жауды еңсерген біздің әскер 15 шақырымға алға озып, Земландиялық түбектің солтүстік-батыс бөлігін немістерден тазартты. Фриш-Гаф шығанағының маңындағы орманда кескілескен айқас жүрді. Бұл жерде біздің әскер он екі қарсы шабуылды еңсерді, бірқатар темір бетон доттар мен берік тірек пункттерін басып алды. Гитлершілер Фишхаузен қаласынан 12 шақырымда орналасқан Адлих Повайен елді мекенінен қуылды. Бір күн ішінде 5 мыңнан астам неміс сарбаздары мен офицерлері жойылды. Біздің әскер 8 ұшақ, 137 қару, 46 миномёт, 490 пулемёт, 10 паровоз, 405 темір жол платформалары мен вагондар, сондай-ақ әскери мүліктер, оқ-дәрілермен 22 қойманы тәркіледі. 60-қа жуық елді мекенді басып алды, олар: Раушен, Георгенсвальде, Вар-Никен, Гросс Курен, Клайн Курен, Брюстерорт, Гросс Диршкайм, Крайсля-Кен, Гросс Хубникен, Клайн-Хубникен, Дорбникен, Кракстепеллен, Палм-Никен, Зоргенау, Виллкау, Тиренберг, Норгау, Клайн Меденау, Меденау, Адлих Повайен, Шудиттен, Конденен, Видиттен.

Австрия. 2-ші Украина майданының әскері жаудың беріспей қарсыласқан шабуылын тойтарып, Вена солтүстігіне 10 шақырымда орналасқан Корнейбург қаласына шығыстан тап берді. Бір уақытта 3-ші Украиндық майдан бөлімі Дунай арқылы өтіп, оңтүстіктен Корнейбургке жетті. Көше ұрысының нәтижесінде қарсылас гарнизоны орасан шығынға ұшырап, ойсырай жеңіліске ұшырады. Осылайша, біздің әскер неміс әскерінің жолын кесті. Кеңес бөлімі қоршауда қалған жауды жан-жақтан оқтың астына алды. Немістер жан аяспай күресіп бақты. Алайда кеңес әскерінің қарқынына қарсы тұра алмады. Біздің жаяу әскер мен танкистер артиллерия көмегімен жауды ыдыратып, түс ауа неміс әскерінің күлін көкке ұшырды. Айқас барысында ірі өнеркәсіптік Флоридсдорф қаласын басып алды. Ұрыс алаңында жаудың мыңдаған сарбаздары мен офицерлерінің мүрделері ғана қалды. 3-ші Украиндық майдан әскерінің көмегімен 2-ші Украиндық майдан әскері Хагенбрунн, Бизамберг, Лангенцерсдорф, Штаммерс-Дорф, Леопольдау, Кагран, Штадлау қалаларын басып алды.

Айқаста 3 мың неміс сарбаздары мен әскері тұтқындалып, мынадай заттар тәркіленді: ұшақ - 32, танктер мен өздігінен жүретін құрылғы - 49, қару - 170, миномёт - 220, пулемёт - 215, автомашина - 750, паровоз - 175, - 4,5 мың вагон, 39 қойма.

3-ші Украиндық майдан әскері алға жылжи отырып, Трайзен өзеніне шықты. Әскер немістердің көптеген әскерін өзенге тықсырып, көздерін жойды. Одан әрі жауды тойтара отырып, Трайзен арқылы Санкт-Пельтеннің солтүстік және оңтүстік қалаларына өтіп немістің күшті тірек пунктін иеленді. Бұдан басқа Прейвиц, Трайсманэр, Поттенбрунн, Ратцерсдорф, Штаттерсдорф, Альтмансдорф елді мекендерін басып алды.

15 сәуірде Вена операциясы аяқталды. 3-ші және 2-ші Украиндық майданның сол қанаты болгар әскерімен бірлесіп немістің негізгі күші «Оңтүстік» тобын жойып, Венгрияны, Чехославакияның оңтүстік аудандарын, Австрияның астанасы Вена мен оның шығыс бөлігін толықтай азат етті.

Операция 31 тәулікке созылды. Майдан айқасының алаңы - 230 шақырым, кеңес әскерінің жылжу тереңдігі - 150-250 шақырым. Шабуылдың орташа тәуліктік қарқыны - 5-8 шақырым, әскер саны - 920500 адам, шығын - 38661 (6,0 %), санитарлық шығын - 129279, барлығы - 167940, орташа тәуліктік - 5417...

Гитлер1945 жылы 15 сәуірде Гитлер әскерге бұйрық жіберді:

«Шығыс майдан сарбаздары! Соңғы жолы кектенген большевизм жанқиярлықпен шабуыл жасады. Олар Германияны талқандап, халқымыздың түп-тамырын жоймақшы... Большевизмді алда бұрынғы тағдыры қарсы алады, олардың қаны суша ағады. Осы жолы кім өз борышын өтемесе, халқын сатқанмен тең болмақ... Берлин неміс халқінікі, солай болып қала береді, Еуропа ешқашан орысқа айналмайтыны анық... »...

Жеңіске 24 күн қалды.