ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 26 КҮН: Неміс-фашистік басқыншылардан австриялық астана азат етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылғы 13 сәуірде Ұлы Отан соғысының 1392-ші күні еді. Жеңіс күніне 26 күн қалған болатын. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына сол уақыттағы оқиғалар жылнамасын ұсынады.

1945 жылы 13 сәуірде 3-ші Украиндық майданның әскері 2-ші Украиндық майданы әскерінің көмегімен Вена қаласын басып алды. Австрия астанасын неміс-фашистік басқыншылардан азат ету үшін айқаста кеңес әскері айрықша ерлік көрсетті.

13 сәуір күні маршал Толбухиннің әскері қала үшін айқаста 5 мыңға жуық неміс, венгр сарбазы мен офицерлерін жойды. 107 танк пен өздігінен жүретін қондырғы, 135 зеңбірек, 615 автокөлік пен басқа да көптеген қару-жарақтар тәркіленді.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы «Венаны алғаны үшін» медалімен 270 мыңнан астам әскерді марапаттады. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысының тумасы Кеңес Одағының батыры, авиация полковнигі Алексей Чурилин де бар.

1945 жылы 3 сәуірде 25 сәуірге дейін жалғасқан Балтық флотымен өзара іс-әрекетте 3-ші Беларусь майданы әскерінің Земландиялық шабуыл операциясы басталды. Сағат 8-де артиллериялық, авиациялық дайындық басталды. 9-да майдан әскері шабуылды бастады. Кеңес әскерлері неміс тобын ыдыратып, кейіннен оларды бөлім-бөліммен жою үшін Фишгаузен бағытындағы орталықта басты соққы берді. Қарсылас жағы да жойқын жарылыспен қарсылық көрсетті. Шабуылшы бөлім бірінші қорғаныс жолағына баса-көктей кіргенде, қарсы шабуыл үдеп кетті...

Сол уақытта, Чехославакияда Совинформбюро хабарлағандай, 2-ші Украиндық майдан әскері шабуылды жалғастыру үстінде болатын. Кеңес әскерлері шалшық, өтуі қиын жерлермен алға жылжып, Мала Буда елді мекенінен жетті. Артиллериялық атыспен қорғанып, Морава өзенін кесіп өтті. Жаудың қарсы шабуылын еңсере отырып, біздің бөлімше Годонин қаласынан солтүстік-шығыс бағытына қарай өтетін темір жолдан өтті. Қалған әскерлер таңертең Морава арқылы Годонинге жетіп, екпінді соққымен қаладан оңтүстік-бастыс бағытқа қарай өтетін темір, тас жолды кесіп өтті. Годонин қаласын қолдан бермеу үшін емістер жан аяспауға бекінді. Олар қаланы қорғауға тырысып, шет-шеттерге артиллериялық және зеңбірек доттарын орнатты. Кеңес әскерлері екпінді шабуылмен солтүстік-шығыстан және оңтүстік-батыстан қалаға баса-көктей кірді. Жойқын айқаста біздің әскер қарсылас гарнизонын құлатып, түске қарай Чехославакияның аудандық оралығы, қатынас жолдарының маңызды торабы - Годонин қаласын басып алды. Айқаста немістің жаяу әскері талқандалып, 350 адам тұтқындалды, көптеген қару-жарақтар тәркіленді.

Жеңіске 26 күн қалды.