Прага операциясы (1945). 11 мамырға дейін жалғасқан 1-ші, 4-ші, 2-ші Украиндық майдан әскерлерінің Прагадағы стратегиялық шабуыл операциясы 11 мамырда басталды. Операцияға Польша әскерінің 2-ші армиясы, 1-ші және 4-ші румындық әскер, 1-ші чехославакиялық әскер корпусы қатысты. Бұл операция аясында Дрезден-Прага, Субет, Оломоуц, Йиглава-Бенешов шабуыл операциялары жүрігізлді.
6 мамырда И.С. Коневтің 1-ші Украиндық майданы бірінші эшелоны дивизиясының озық батальондары айқас барысына барлау жасады. Олармен бірге 4-ші, 3-ші гвардиялық танкілік әскер танкі корпусының озық бригадалары қатысты. Түс ауа артиллериялық дайындықтан кейін негізгі күш шабуылға кірісті. Оның ішінде 3-ші, 4-ші гвардиялық танк әскері, 25-ші, 4-ші гвардиялық танк корпустары бар. Н.П. Пуховтың 13-ші әскері, Д.Д. Лелюшенконың 4-ші гвардиялық танк әскері 23 шақырымға алға жылжыды. Кешке И. С. Конев 13-ші әскерге Прагаға екпінді шабуыл жасауға бұйрық берді.
18 сағат Бреслау бекінісіне башылық еткен генерал Никгоф қырық мыңдаған гарнизонды тізе бүктіріп, бірнеше апта бойы Глуздовскийдің 6-шы әскерімен қоршауға алды.
П.А. Курочкинің 60-шы әскері, А. И. Еременконың 4-ші Украиндық майданы 6 мамырда Оломоуцтың солтүстік-шығыс жақтарына қол жеткізе отырып, жаудың Крнов және Горни-Бенешов қорғаныс пункттерін басып алды. К.С. Москаленконың 38-ші әскері солтүстік-шығыстан қалаға қарай кескілескен айқас жүргізді. АА. Гречконың 1-ші гвардиялық әскері және А.И. Гастиловичтің 18-ші әскері Оломоуцтың оңтүстік-шығысындағы шекараға шықты. К. Клапалектің 1-ші чехославакиялық әскер корпусы 6 мамырда 20 шақырымға алға жылжыды.
Ф.Ф. Жамченконың 40-шы әскері, Р.Я. Малиновскийдің 2-ші Украиндық майданы Оломоуцқа оңтүстіктен басып кірді. Оломоуц шығысынан әрекет еткен неміс әскерінің қоршап алу қаупі туындады.
Кеңестік ақпараттық бюро хабарлағандай, 1945 жылғы 6 мамырда 2-ші Беларусь майданының әскері шабуылды жалғастыра отырып, Штральзундерфарвассер бұғазын кесіп өтіп, Рюген аралындағы Берген, Гарц, Путбус, Засснитц қалаларын басып алды және 6 мамырда толықтай Рюген аралын иеленді...
1-ші Беларусь майданының әскері Бранденбургтің солтүстік-батыс және батыс қалаларына қарай алға жылжып, Зандау, Вулькау, Клитц іәрі елді мекендерін басып алды...
4-ші Украиндық майдан әскері Моравск Остраваның батыс, оңтүстік-батыс қалаларын шабуылдай отырып, ұрыспен Зандау, Вулькау, Клитц қалаларын басып алды...
2-ші Украиндық майдан әскері Брноның солтүстік-шығыс қалаларында айқаса жүріп Коетин қаласы мен Фриштан, Мартинице, Гулин елді мекендерін иеленді...
Біздің Жеңіске 3 күн қалды.