Моравск-Остравск шабуыл операциясы. 5 мамырда 4-ші Украиндық майданның 60-шы әскері Штренберк іргесіне келіп жетті. 68-ші әскер шекараның жол жиегіне жетіп, оңтүстік-шығыс Фульнекте айқас жүргізді. 1-ші гвардиялық әскер Фриштат ауданына шықса, 18-ші әскер Рожнов-Всетин-Визовице желісіне дейін жетті. Осы шекте Моравск-Остравск операциясы аяқталды. 4-ші Украиндық майдан әскері Моравск-Остравск өнеркәсіптік ауданын иеленді. Операция басында әскер саны 317300 адам болса, шығын 23964 (7,6 %), санитарлық шығын - 88657, барлығы - 112621, орташа тәуліктік - 1976 болды.
Братиславск-Брновск шабуыл операциясы. Братиславск-Брновск операциясы аяқталды. 2-ші Украиндық майдан әскері 200 шақырымға жылжып, Словакия, Братиславск, Брновск өнеркәсіптік аудандарын азат етуді аяқтады. Операция басында әскер саны - 272200, қайтарымыз шығын 16933 (6,2 %), санитарлық шығын - 62663, барлығы - 79596, орташа тәуліктік - 1895.
1945 жылғы 5 мамырда Вахенинген қаласында Нидерланды аумағында неміс әскерін тізе бүктіру актісіне қол қойылды. Осыған орай, Нидерландыны азат ету күні белгіленді.
5 мамырда Хорватияда, Оңтүстік Австрияда ағылшын-америкалық қолбасшылық алдында «Е» А. Лёр әскері, Бавария мен Батыс Австрияда Ф. Шульцтің «Г» әскерінің тобы, Форарльбергте және Тиролда 19-шы неміс әскері тізе бүкті.
Чехословакия астанасы Прагада жауға қарсы көтеріліс басталды. Оған неміс қолбасшылығы «Орталық» әскерінің күші қарсы ұрыс жүргізді.
Кеңес ақпараттық бюросы хабарлағандай, 5 мамыр күні 3-ші Беларусь майданының әскері Фриш-Нерунг мүйісін қарсыластан тазалау айқасын жүргізді...
2-ші Беларусь майдан әскері Свинемюнд қаласындағы немістердің ірі порты мен Балтық теңізіндегі әскери-теңіздік базаны иеленіп, Воллин, Уезд аралын жаудан толықтай тазалады...
1-ші Беларусь майданының әскері алға Бранденбургтің оңтүстік-бастыс қалаларына жылжи отырып, Цизар, Лобург, Бург қалаларын басып алды...
4-ші Украиндық әскер Моравск Остраваның оңтүстік-батыс, оңтүстік қалаларына басып кіріп, кескілескен айқаспен Хоф (Дворце), Берн (Мор. Бероун), Фульнек, Мистeк қалаларын, Мельч, Рауч, Домштадтль, Штадт Либау, Бартошовице, Метиловице, Фридланд, Кунчице, Рожков ірі елді мекендерін иеленді.
2-ші Украиндық майдан әскері Брноның солтүстік-шығысында шайқасты жалғастыра отырып, Кромержиж қаласын басып алды...
Жеңіске 4 күн қалды.