ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 5 КҮН: Байзолла Әкіжанов Рейхстаг қабырғасына қолтаңба қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылғы 4 мамыр - Ұлы Отан соғысының 1413-ші күні. Жеңіске дейін 5 күн қалды. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына сол сұрапыл жылдардың оқиғалар жылнамасын ұсынады.

1945 жылы 4 мамырда сағат 18:30-да Голландия, Солтүстік-Батыс Германия, Шлезвив-Гольштейн мен Даниядағы барлық Герман қарулы күштерін одақтастар әскерінің 21-ші тобының бас қолбасшысына тапсыру туралы актіге қол қою рәсімі өтті...

1945 жылғы 4 мамырда құлаған Рейхстаг қабырғасына Байзолла Әкіжанов қол қойды.

Жауынгерлік достарымен ол Рейхстаг қабырғасына мынадай қолтаңба қалдырды: «Біз 2-ші әуе әскерінің ұшқыш-шабуылдаушылары: Василий Пономарев, Алексей Кривонос, Владимир Моисеев, Иван Сыров, Михаил Шахматов, Василий Лаврентьев, Георгий Холмушин, Байзолла Әкіжанов 1945 жылғы 4 мамырда Берлинге шабуыл жасадық».

Кеңес ақпарат бюросы хабарлағандай, 4 мамырда 2-ші Беларусь майданының әскері солтүстік Штеттиннің Дивенов бұғазын кесіп өтіп, Воллин қаласын басып алып, Люснов, Кер-Тентин, Ярмбов, Кодрам, Реберг, Гросс және Клайн Мократц, Зольдемин елді мекендерін иеленді. Виттенбергтің солтүстік қалаларында майдан әскері шабуылды жалғастыра жүріп, Штернберг, Любц, Пархим, Грабов қалалары мен Дабель, Де-Мен, Гольденбов, Радун, Шпорнитц, Бливенсторф, Цирцов, Ленцен ірі елді мекендерін басып алды.

1-ші Беларусь майданының әскері Бранденбургтің оңтүстік қалаларын шабуылдай отырып, кескілескен айқаспен Бельциг, Визенбург, Нимегк, Косвиг қалалары мен Геттин, Кране, Гольцов, Гребен, Герцке, Реетц ірі елді мекендерін иеленді. 3 мамырда майдан әскері 23 700 неміс сарбазы мен офицерін тұтқынға алып, аэродромда жаудың 57 ұшағын тәркіледі. Қосымша деректерге сүйенсек, Берлинде қаланың полицей-президенті, полиция генерал-лейтенанты Герум, берлиндік полиция бастығы, полиция генерал-майоры Хайнбург, бригаданың империялық кеңсе күзетінің бастығы, СС фюрері Монке, берлиндік гарнизон санқызметінің бастығы, медициналық қызмет генерал-майоры Шрейбер, Берлин қаласы мен Бранденбург провинциясы Қызыл крест басшысы генерал-майор Брекенфельд, 18 мотодивизия командирі генерал-майор Раху тұтқынға алынды.

4-ші Украиндық майдан әскері Батыс Карпат ендігінде шабуылды жалғастырып, айқаспен Вигштадтль (Витков) қаласын және Пустейов, Мошнов, Брушперк, Домаславице, Остравице, Горная Бечва, Великие Карловице, Говези ірі елді мекендерін басып алды.

2-ші Украиндық майдан әскерлері Брноның солтүстік қалаларында шабуыл жасап, Лужна, Поздехов, Ясенна, Визовице, Слушовице, Лужковице, Квасице, Тешновице, Важаны, Злобице, Крженовице елді мекендерін иеленді...

Жеңіске 5 күн қалды.