деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оны облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мұрат Мұхамедов жүргізіп отырды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ирина Ким соғыс ардагерлеріне республикалық бюджеттен бөлініп отырған қаржы жайлы мәлімет беріп өтті. Соғысқа қатысқан облыстағы 325 ардагерге 65 мың теңгеден көмек беріледі. Оларға теңестірілгендер мен майдангерлер жесірлеріне 25 мың, тыл еңбеккерлеріне 10 мың теңгеден бөлінген. Сонымен қатар ардагерлердің қоғамдық көлікте тегін жүруіне 16,1 млн. теңге қарастырылған.