Жеңістің 70 жылдығына арналған авиашоуға Ұлы Отан соғысы кезінің тоғыз ұшу аппараты қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңістің 70 жылдығына арналған әскерлер парадының құрамындағы ең ірі шоудың бірі болмақ авиашоуға заманауи авиация техникасының 75 бірлігі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінің тоғыз ұшу аппараты қатысады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Авиашоу алаңдағы парадтың тарихи және заманауи бөліміндегі жаяу шеру және механикаландырылған лектер өткеннен кейін шығады. Әуеге Ми-8, Ми-17, Ми-26, ЕС-145 жауынгерлік тікұшақтары, Ту-134, Ту-154, АН-26, АН-72, С-295 әскери-көліктік авиация ұшақтары және Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиация ұшақтары көтеріледі. Алда өткізілетін авиа-шоудың жалпы жоспары әзірге құпия ұсталып отыр. Алайда ұшқыштар ұшақтар арқылы «70» санын жасап, яғни мерейтой күнінің нышанына ұқсап тізіліп тұрып, содан кейін жеке және түрлі топтардың жоғарғы пилотажының кескіндемесін орындау идеясын айтуда. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін лайықты деңгейде құттықтау және ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерін көрсету үшін парадтың қазіргі кезеңіне 185, ал тарихи бөліміне тоғыз білікті тәжірибелі қазақстандық ұшқыш алдын ала іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта олар белсенді түрде жаттығулармен айналысып, ұшудың теориялық және практикалық даярлық курсынан өтуде.