«Мир» радиосының (Мәскеу қаласы) бірегей жобасы 134 сериядан тұрады. Топтаманың барлығы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған 316-Панфиловшылар дивизиясы батальонының ерлігіне арналады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.
Радиосериал сюжеті белгілі жазушы Александр Бектің Бауыржан Момышұлының әңгімелері мен естеліктеріне сүйене отырып жазылған «Волоколамск тас жолы» романы негізінде жасалған.
Қаңтардың 20-нан бастап күн сайын 14 сағат 35 минутта «Қазақ радиосының» эфирінен «Волоколамск тас жолы» радиосериалы берілуде.