Жеңістің 70 жылдығына орай Қарулы күштерде фотогалерея жасалады. Онда ҚР ҚК өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері және олардың ҰОС ардагерлері болған туған-туыстары көрініс табады. Бұл фотосуреттер арнайы баннерде орналастырылып, әскери бөлімшелерге ілінеді.
Фотогалеряда соғыста қаза тапқандар, соғыстан кейін дүниеден озған ардагерлер мен қазірге дейін көзі тірі ардагерлердің 1930-шы жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі ақ-қара немесе түрлі-түсті фотосуреттері қамтылады. Әр суреттің астына әскери қызметшінің және ардагердің аты-жөндері жазылады. Баннер дайындалғаннан кейін ол Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінде «Отан қорғаушылар» алаңында салтанатты түрде табысталатын болады.