Caviar Pobeda 70 смартфонын итальяндық зергерлер жасады, 70 осындай смартфон шығарлмақ, оның құны шамамен $4,5 мыңнан болады. «Айтулы оқиғаға арнап Caviar зергерлік бренді iPhone 6 және Galaxy A5 смартфондарының коллекциялық модельдерін шығарды. Бұл серия «Жеңіс» атауына ие болды. Әрбір девайс корпусы титан пластинасымен, гравировкамен, алтыннан жасалған безендіргіш элементтермен қапталған», делінген хабарламада. «Бұл біздің коллекциядағы орысша атауға ие болған алғашқы телефон. Бұл модельді Pobeda 70 деп атап, ағылшын, итальян тілдеріне аудармадық»,- дейді бренд өкілдері. Сонымен қатар iOS пен Android үшін «Ура Победе» қосымшасы жасалды.
00:11, 13 Сәуір 2015
Жеңістің 70 жылдығына орай Ресейде «алтын» смартфон шығарылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде iPhone 6 және Galaxy A5 базасында «Жеңіске 70 жыл» бедері бар және «Рейхстагтағы жеңіс белгісі» көрініс тапқан смартфон жасап шығарылды, деп хабарлады Kazpravda.kz.