Жеңіл атлет Алина Чистякова Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
08:29, 07 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.
Күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.
Айта кетелік Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 7 ақпандағы жарыс кестесі жарияланған еді.