Шарболат лақтырудан сынға түскен қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов құрлық додасының қола жүлдегері атанды.
Отандасымыз үздік мүмкіндігінде шарболатты 19.41 метрге лақтырды.
Алтын медальді қытайлық Чэнь Хунфэй иеленді - 20.18 метр. Күміс жүлде тағы бір Қытай өкілі Чэнь Чэньгуоға бұйырды - 19.64 метр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде тағы үш медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.