Жеңіл атлет Нора Джеруто Азиаданың күміс медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті.

Фото: ҚР ҰОК

Отандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Нора Джеруто ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырды.

Алтын медальді Яви Винфред (Бахрейн) жеңіп алды — 9:04.36. Үндістандық Парул Чаудхари үздік үштікті түйіндеді — 9:08.67.

Еске салайық, мұның алдында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.