Жеңіл атлет Нора Джеруто Цюрихтегі «Гауһар лига» кезеңінде күміс жүлде алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Цюрихте (Швейцария) өтіп жатқан «Гауһар лига» кезеңінде екінші орын алды.

Әлемдік беделді турнирде жеңіл атлет 3 000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден 9:10.87 нәтижесімен мәре сызығын екінші болып кесті. 

Кения спортшысы Фейт Черотич 8:57.24 көрсеткішімен жеңіске жетті. Үздік үштікті Тунис атлеті Марва Бузаяни 9:12.03 нәтижесімен түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азия чемпионатында стенд атудан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алтын жүлде иеленгенін хабарлаған едік.