НИДЕРЛАНД. KAZINFORM - Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Жеңіл атлет Жанна Мамажанова Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан марафонда Қазақстан рекордын жаңартты. Оның бұл жарыстағы көрсеткіші - 2:26.42.
Нәтижесінде, ол 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, қазіргі кезде ел құрамасының қоржынында 12 спорт түрінен 32 жолдама бар.
Еске салсақ, бұған дейін Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанған жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.