Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше жетісайыстан Қазақстан командасының спортшысы Алина Чистякова алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. Отандасымыз 100 метрге кедергілер арқылы мәреге 2-ші жетті. Осының арқасында ол 949 ұпайға ие болды.
Бұл бағдарламада жарыс екі күнге жоспарланған. Бүгін спортшылар тағы , ядро лақтыру, 200 метрге жүгіруден өнер көрсетеді. Ал ертең ұзындыққа секіру, найза лақтыру мен 800 метрге жүгіру кезек күтіп тұр.
Айта кетелік Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти префектурасы және Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сегізінші алтын жүлдені қоржынға салған еді.