Жеңіл атлетика: Екі спортшымыз жабық ғимараттағы әлем чемпионатына қатысады

Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – 1-3 наурыз аралығында Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты өтеді.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған «лемдік додаға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая.

Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден ел намысын қорғаса, Дубовицкая биіктікке секіруден сынға түседі.

Айта кетелік, былтыр Надежда Дубовицкая әлемдік сында үздік үштікке енген болатын.