Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Германияда өтіп жатқан Универсиада-2025 жарысында үздіктер қатарынан көрініп, финалға жолдама алды.
Спортшы биіктікке секіру сайысының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Айта кетейік, осы бағдарламада Елизавета Матвеева да бақ сынаған еді. Алайда ол іріктеу кезеңінен өте алмады.
Финал 26 шілдеде өтеді.
Еске сала кетейік, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиадада 76 спортшы бақ сынайды.