Жеңіл атлетика: Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында қола медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті.

Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.

Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды - 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды - 1:39:01.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.

Осыған дейін Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтыншы орын алған болатын.