Ашық НҚА порталында «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының-жобасы жарияланды. Оған сай, «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» құрылмақ, деп хабарлайды Kazinform.
«Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнынан Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген Үкімет қаулысының-жобасында.
Бөлініп шығатын кәсіпорынға басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып Туризм және спорт министрлігі айқындалған.
Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.