Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы медаліне қол жеткізді.
Ел қоржынына жүлдені Мария Щипачева салды. Спортшы үш қарғып секіруде қола медальға ие болды.
Қазақстандық атлет ең үздік мүмкіндігінде 12,70 метр нәтиже көрсетті. Алтын медальді қытайлық Ицин Се жеңіп алды - 13,36 метр. Екінші орынды үндістандық Садхана Рави еншіледі - 12,84 метр.
Осыған дейін Нариман Құрбановтың Словениядағы әлем кубогы кезеңінің финалына шыққаны туралы жаздық