Жаңа тізімге 1984 тауар атауы енгізілді. Олардың қатарында жіп, мата, сүлгі, төсек жабдықтары, көрпе, перде, шатыр, қап, кілемше, киіз және басқа да бұйымдар бар.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Үкіметте жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселесі қаралған болатын. Министрліктің мәліметінше, соңғы бес жылда сала тұрақты өсім көрсетіп келеді.
Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 13,2%-ға өсіп, 260 млрд теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,8%-ды құрайды.
Сала құрылымында тоқыма өндірісі басым – оның үлесі 60%-дан асады. Киім өндірісі 32%-ды, ал аяқ киім мен былғары бұйымдары 6,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың 97%-дан астамы шағын бизнеске тиесілі.
Бұған дейін биыл елде іске қосылатын жаңа кәсіпорындар туралы жазған едік.