24 жастағы Баймолда Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде жергілікті боксшы Афиф Арронгпен (4-5, 3 КО) кездесті. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған және белгіленген уақытқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.
Осылайша, Теміржан Баймолда кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіліссіз келеді. Ал Афиф Арронг алтыншы рет жеңіліп отыр. Ол мансабында бес рет жеңіске жеткен.