Жеңіс Қасымбек астанадағы кептелісті көп көпір салу арқылы шешпек

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы уақытта елордада 9 балдық кептеліс көрсеткіші жиі тіркеледі.

- Кептеліс негізінен қаланың екі жағалауын жалғайтын көпірлердің маңында туындап отыр. Бүгінде қалада 9 көпір бар. Сондықтан, алдымен өзеннің екі жағалауын байланыстыратын көпірлерді көбейту керек. Қазір мұндай құрылыстардың жобасы қаралып жатыр, - деді Жеңіс Қасымбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып. 

Осы орайда шаһар басшысы Ұлы дала және Тәуелсіздік даңғылындағы көпірді пайдалануға беру арқылы Мәңгілік ел және Тұран даңғылында кептелістің белгілі бір деңгейде азайғанын айтып отыр. 

- Өткен жылы Ш.Айтматов көшесін Ұлы дала даңғылын жалғайтын көпірді іске қостық. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, қолданыстағы жол көлемі ұлғаяды және кеңейеді. Сонымен қатар көпірлер мен қоғамдық көліктер саны артады. Қала тұрғындары қоғамдық көлікке көшуі үшін барынша қолайлы инфрақұрылым құратын боламыз. Сонымен қатар, LRT-ді бір жылдан кейін іске қосылғанда жүктеме жеңілдейді, - дейді Ж. Қасымбек. 

Айта кетейік, елорданың тағы бір проблемасы жыл сайын жауын-шашын маусымында қала көшелерін су шаяды. Осыған орай әкім қалада су шаю бойынша шешілмеген төрт қана учаскенің қалғанын айтты.