«Үйреніп алғанбыз. Совет одағынан қалған менталитет бар. Жалпы норматив бойынша үйде кемінде 22 градус температура болуы керек. Мысалы, шетелде ондай норматив жоқ. Орташа 15-17 градус. Одан артық көтермейді. Сол сияқты бізде судың нормативі — бір адамға 250 литр. Еуропада — 150 литр. Енді қоғамда мына мәселені талқылап жатыр. Мысалы, нормативті 150 литрге дейін түсірсек, әрі қарай 150 литрден артық пайдаланса, басқа тариф төлеу керек. Сараланған тариф деген сол», — деді әкім.
Оның сөзінше, мұндай шара тұрғындарды су үнемдеуге итермелейді.
«Болашақта бәрі болады. Оған біз бәрібір келеміз. Қаланың мәслихаты, жалпы әкімдік осы мәселемен айналысып жатыр. Келесі жылы осы проблемамен қоғамға жүгінеміз. Мәселені қала тұрғындарымен бірге талқылаймыз. Су үнемделсе, тариф төмен болады. Көп пайдалансаң, онда тариф басқаша болады. Жалпы әлемде солай», — деді Жеңіс Қасымбек.