Әскери қызметшілер әншіге гүл шоқтары мен аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлы туралы кітапты сыйға тартты.
Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Арман Тұрғанбаев әншіге алғысын білдірді.
— Сіз таңғажайып ерік-жігер мен өміршеңдіктің жарқын мысалысыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілейміз, — деді А. Тұрғанбаев.
Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілерге алғыс айтып, келе жатқан мамыр мерекелері — Отан қорғаушы күні және Жеңіс күнімен құттықтады.
Жеңіс күніне арналған көптеген құттықтауларға қосылған Бибігүл Ахметқызы қазақстандықтарға ашық аспан, амандық және мерекелік көңіл-күй тіледі.
— Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін бүгінгі әлемде өмір сүріп жатқан ардагерлер мен олардың отбасыларына құрмет пен ыстық ықыласымды білдемін. Қазақстан халқы соғыс деген сөзді ешқашан білмесін, — деп тілек тіледі ардагер әнші.
Бұған дейін Астанада бүгін Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтетіні хабарланды.
Мерейтой аясындағы шеруді Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде және Kazinform сайтынан тамашалауға болады.