Жеңіс Нығметуллин БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады

Фото: Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Махамбетұлы Нығметуллин БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Жаңа басшыны басқарма ұжымына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов таныстырды.

Жеңіс Нығметуллин 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген.Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «заңгер», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы БҚО қаржы департаментінің операторы болып бастады.

2007-2008 жылдары БҚО қаржы департаментінің бас маманы-заңгер, 2008-2010 жылдары БҚО қаржы басқармасының бас маманы-заңгер, 2010-2013 жылдары осы басқармада коммуналдық меншікті басқару және мүліктік жалдау бөлімінің бастығы, 2013-2017 жылдары БҚО қаржы басқармасы коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы болды.

2017 жылдан күні бүгінге дейін БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.