Жеңіске 80 жыл: Бауыржан Момышұлының алып портреті Рекордтар кітабына енді

Фото: Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана Арена» стадионында 2 736 шаршы метр болатын Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалды және «Әлемдегі ең үлкен портрет» ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. 

Бұл іс-шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

Фото: видеодан алынған скрин

Оған Астананың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысып, биіктігі 70 метр, ені 32 метр болатын портретті фотомозайка форматында құрастырып шықты. Әрбір пиксельдің өлшемі 1 шаршы метрді құраған. 

Фото: Астана әкімдігінің Мәдениет басқармасы
Фото: Астана әкімдігінің Мәдениет басқармасы
Фото: Астана әкімдігінің Мәдениет басқармасы

Жобаны ұйымдастырған елордалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, бұл – әлемдік рекорд тіркеу тарихында болмаған ең үлкен портрет. Оны дайындауға 700 келі ақ бояу және 320 келі қара бояу қажет болған. 

Іс-шараға арнайы Қытай және Үндістан мемлекетінен өкілдер шақырылды. Рекорд тіркелгенен кейін ұйымдастырушыларға сертификат пен медаль берілді.