«Мен үй тапсырмасын орындадым. Бұл айқасты жеңу үшін не істеуім керектігін білемін. Бұл біріншісіне қарағанда үлкен айқас болады. Біріншісінде өзімді жақсы сезіндім. Маған жайлы болды, жеңгенімді сездім. Біраз уақыт демалдым. Бұл айқас өзгеше болмақ. Алдын ала болжам жасамаймын. Бірақ үлкен шоу көрсетемін», - деп келтіреді Головкиннің сөзін Worldboxingnews.net.
Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arenа-да өтеді.