Елорданың ресми сайтының жазуынша, Астананың қарқынды дамуын ескере отырып, қаланы электр қуатымен қамту жылдан-жылға өзекті мәселеге айналуда. Жаңа жылу электр орталығын іске қосу, мамандардың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлердегі жекелеген жылу беру көздерінің қажеттілігін жойып, елорданың энергоресурстарға деген ауқымды сұранысын қанағаттандырады, қаланы энерго және жылумен қамтудың сенімділігін арттырады.
Тағы бір маңыздысы, ЖЭО-3 құрылысының іске қосылуы ЖЭО-1-ді тоқтатып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға айтарлықтай септігін тигізеді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта ол қоршаған ортаны қорғау талаптарына толық көлемде жауап бере алмайды.
Дегенмен, 2012 жылы қалалық ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ге ауаға шығаратын зиянды заттардың санын тұрақтандыру үшін № 4 қазандық құрылғысына тор кернеу орнатылған болатын. Ол азот қышқылын ауаға шығаруды 550 мг текше метрге дейін азайтуға мүмкіндік берді.