«Кеше электр энергиясы желілерінің жүктемесі 70 мегаватт болды. Бұл – қалыпты жағдайдан 2 есе жоғары. 18 ақпанда жылу параметрлерінің төмендеуіне байланысты тұрғындар өздерінің пәтерлерінде жылыту құрылғыларын қосты. Жүктеме ауыр болғандықтан, уақытша 30 көпқабатты тұрғын үй мен 60 жеке үй жарықтан ажыратылды. Себебі, желіден ақаулар шықты. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар аяқталды. Тек бір үйде жарық жоқ. Баспанаға барып тұрған кабель ауыстырылып жатыр», - деп мәлім етті «Екібастұзэнерго» ЖШС өкілі жедел штабтың отырысында.
ЖЭО-дағы апатқа байланысты өткен жиында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қазір үйлер мен әлеуметтік нысандардағы жылу параметрлерін көтеруді тапсырды. Сонымен қатар, бүгін кешке станциядағы тағы бір қазандық бүгін іске қосылмақ.