Сан-Хосе шахтасына жақын жерде орналасқан Кальдера қаласының мэрі Брюнильда Гонсалестің айтуынша, шахтерлардың отбасылары соттан шахтадағы апат үшін және екі ай бойы жердің үстіне көтеріле алмай отырғандар үшін кімнің жауап беретінін анықтауды талап етіп отыр. Мэр радиода сөйлеген сөзінде сондай-ақ, құтқарушылардың шахтерларды құтқаруға бар күштерін салмай отырғандарын мәлім етті.
Сот бұған дейін Чили үкіметінің бастамашылығымен San Esteban компаниясының автивтерін жауып тастаған болатын. Өкімет жалғасып жатқан құтқару операцияларына компанияның қаражатын пайдалана алу үшін осылай жасалған болатын.
Тамыздың 5-і күні болған апат салдарынан 32 чилилік азамат және бір Боливия азаматы Сан-Хосе шахтасында қалып қойды. Оқиғадан 17 күннен кейін ғана олардың аман қалғаны мәлім болып, содан бері құтқару жұмыстары жүргізіліп келеді.