«Бұған дейін динозаврлар заманында құстардың түрі көбейе бастады деген жансақ пікір қалыптасып келген. Алайда, біз оған аса нанымды дәлел таба қоймадық», - дейді Сидней университетінің доценті Саймон Хо.
Бұл зерттеудің тағы бір жаңалығы - кей құстардың, тіпті, 100 млн. жыл бұрын пайда болғаны белгілі болды. Ал негізгі легі динозаврлар жойылғаннан кейін 10 млн. жылдың ішінде қалыптасып болған.