«Біз дәнді және майлы дақылдар егеміз. Өткен жылдан бастап жасымық еге бастадық. Оның құны қымбат. Біздің жұмысымыз жердің ылғалдылығы мен шұрайлылығын арттыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы өнімін шығарушыларды мемлекеттің қолдағаны да біз үшін маңызды. Аграршылар аяғына нық тұруы үшін уақыт керек. Біз бұл бағытта жұмыстар атқарып жатырмыз.
Шетелдіктерге жер сатады деген өсек екеніне сенімдімін. Мұны Президент, Парламент және Сенат түсіндірді. Шетелдіктерде жер сатып алу құқығы жоқ. Бұл дұрыс деп санаймын. Жерді сатып алу мүмкіндігі пайда болғаны қалыпты жағдай. Егін шаруашылығымен айналысатындар үшін жақсы мүмкіндік. Сатып алатындар жерді бағалайды деп ойлаймын. Біз жерді 49 жылға жалға алдық», - деді шаруашылық басшысы.
Жер - бұл онжылдықтар, жүз жылдар бойы адамды асырай алатын өндіріс құралы деп санайды ол.
«Біз жерді күтіп-баптаймыз. Минералды тыңайтқыштармен өңдейміз. Жердің құнарлылығын сақтап қалу үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. Жер - бұл ондаған, жүздеген жылдар бойы адамды асырай алатын өндірістің негізгі құралы. Елімізде оның шұрайлылығын арттыру мен мұраға қалдыру үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Қабылданған шаралар дұрыс деп есептеймін. Адамдарға оларда жерді сатып алу құқығы бар екенін түсіндіріп, дұрыс пайдалануына ықпал керек», - деді «Вишневское» ЖШС бас директоры Павел Рафальский.