«Жер еңбек етем деген азаматтардың иелігінде болуы керек. Сондықтан әкімдіктер екі мәселені шешіп алсын. Біріншіден, жер телімдерін бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету керек. Екіншіден, жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қатаң қадағалау қажет», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Президент Талдықорғандағы Салтанат сарайында жұртшылықпен кездесіп, еркін форматта тілдесті.