Жер халқының 40 пайызына безгек қаупі төніп тұр

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Өткен жылғы мәліметтерге негізделген екі жаңа зерттеудің қорытындысы, жер бетінде 3 милллиардтай адамның безгек індетін жұқтыру қаупімен өмір сүріп жатқанын көрсетіп отыр.

Жер халқының 40 пайызына төніп отырған бұл қауіп безгек ауруын жұқтыратын масаны әрі қарай зерттеу керек екенін көрсетеді, дейді ғалымдар.

Зерттеу деректеріне сүйенетін болсақ, әсіресе, Орта және Оңтүстік-Шығыс Азияның тұрғындарының індетті жұқтыру тәуекелдері көбірек, деп хабарлайды ВВС радиостансысы.

Африкада жергілікті тұрғындардың генетикалық ерекшеліктерінің арқасында безгекті жұқтыру қаупі төмендеу. Бірақ та, ол елге сырттан келушілер үшін қауіп жоғары.

2008 жылы әлем бойынша безгекпен ауырудың 250 миллион оқиғасы тіркелген. 1 миллиондай адам содан қайтыс болған, олардың негізін балалар құрайды.