Жер кодексіне енгізілген түзетулер ауыл шаруашылығы жерлерін алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер кодексіне енгізілген түзетулер ауыл шаруашылығы жерлерін алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді, деді «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекешелендіру: ерекшеліктері және түсіндіру проблемалары» атты дөңгелек үстелде халықаралық жер және экологиялық құқық сарапшысы Бақытжан Базарбек.

«Түзетулердің екінші бағыты - ауыл шаруашылығы мақстатындағы жерлерді алу және пайдалану рәсімдерін жеңілдету», - деді Б.Базарбек.

Оның пікірінше, шетелдіктердің жерді 10 жылға жалға алуға мерзімі ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға жеткіліксіз болды, деп жазады primeminister.kz.

«Шетелдік инвестор бізге ақшамен келеді. Қазақстан шөлге айналу деңгейі ұлттық аумақтың 71% қамтыған бес елдің қатарына енгендігін ескеру қажет. Климаттық жағдай ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты алуға мүмкіндік бермейді», - деп түсіндірді ол.

Сарапшы айтып өткендей, аукциондар арқылы жерлерді уақытша пайдалануға өткізу - әлемде кеңінен тараған практика.

«Жер кодексіне енгізілетін түзетулер кем дегенде келесі бағыттарды жүзеге асыруға бағытталған. Біріншісі - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге ынталандыратын жаңа тетіктерді енгізу. Чехия, Словакия, Польша сияқты елдер Варшава келісімі құлағаннан кейін аукциондарды енгізді. Біз бұл уақытты жер қатынастарына жеке меншік институтын енгізудің нүктелік тетіктері арқылы есесін толтырамыз», - деді сарапшы.